Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту.
Шаттық шеңбері:
Амансың ба, көк аспан!
Амансың ба, жер-ана!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем қуанам.
Жүргізуші:
Әнұраным-жан ұраным,
Айтар әнім,сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым,
Мәңгі-бақи шырқалады,
Республика әнұраны.
Балаларға әнұран айтуды ұсыну.
Жүргізуші:
- Арайлаған танды сүйетін кім?
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Туған жерді сүйетін кім?
- Ата-ананы сүйетін кім?
- Досын сүйетін кім?
- Еліміздің болашағы кімдер?
Жүргізуші: - Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Заңымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке, Конституция күні деп аталды.
Елдігімнің – реңі,
Тендігімнің – тірегі,
Мүддесінен халықтың
Ажырамас бір елі.
Алтын заңым – арай таңым!
Балаларға конституция кітабының суретін көрсету.
Балалардың тақпақтары:
Жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар. Мемлекеттің барлық азаматтары-үлкендерде, балалар да-мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс.
Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу, ол өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау.
- Балалар, біз қай елде, қай Республикада тұрамыз?
- Қазақстанның елордасы қай қала?
- Елбасымыз кім?
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
- Балалар сендер рәміздер туралы білесіндер ме?
Жүргізуші:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай үстінде қазақ үй
Қалықтаған жас сұнқар.
Шарықтаған таза күн
Бұл таңбасы елімнің,
Елдігімнің белгісі.
Балаларға елтаңбаны көрсетіп түсіндіру.
Жүргізуші:
Отан туы желбіреп,
Көз тартады құбыла.
Біз қараймыз елжіреп,
Туған жердің туына.
Балаларға туды көрсетіп, түсіндіру
Қимылды ойын «Киіз үй»
Көтеріліп шанырақ,
Уықтары шаншылар.
Керегелер керіліп,
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй боп көрінер.
Би:
Жүргізуші: Конституция күні баршамызға құтты болсын!
Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін дей отырып «Ата Заңым-айбыным» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз!