Кезектен тыс ата-аналар жиналысының хаттамасы №2

07.11.2024жыл.

Барлық ата-аналар саны :38

Қатысқандар: 30

Қатыспағаны:8 (себепті)

Күн тәртібіндегі мәселелер.

  1. Білім бөлімінің 30.10.2024 жылғы №2375 хатына сәйкес ата- аналардан немесе заңды өкілдерден алынатын ай сайынғы төлемақы мөлшері туралы
  2. Сауалнама жүргізу.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша балабақша меңгерушісі Б.Раздыкова сөз алып, Мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілерді тамақтандыру барысында «Қоғамдық тамақтану обьектілеріне қойылатын санитарлық- эпидимнологиялық талаптар» санитарлық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министірінің 17.02.2022 жылғы №ҚР ДСМ-16 бұйрығын басшылыққа ала отырып, аталған нормативтік құжаттың 8- қосымшадағы 2- кестесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы тәрбиеленушілердің граммға шаққандағы порциялардың бір күндік мөлшерінің ескере отырып бүгінгі күнгі азық түлік бағасымен есептегенде әрбір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығын шамамен 21 күнге 20332,62 теңгені құрайтынын көрсеткен.Кәзіргі таңда азық- түлік бағасының өсуіне байланысты 2025 жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге орта есеппен 20074 теңге мөлшеріндегі қаржы бюжеттік жобаға ұсынылып отыр екен.Осыған байланысты тәрбиеленушілердің ай сайынғы ата-аналар төлемақысын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге ұсынылған қаржы жобасымен теңестірілетінін ескертеміз.

Екінші мәселе бойынша балабақша әдіскері сауалнама жүргізді. Барлық ата-аналар сауалнаманы толтырып берді.

Көп балалы анаА.Кенжебаева сөз алып ол өзінің осал топқа жатпайтынын ,балабақшаға екі бірдей баласының келетінін айтып, бағаның қымбаттауы тиімсіз екенін айтты.

Ата-ана Д. Тұрашова сөз алып ауылдық жерге бұндай баға ауырлық етеді деп өз ұсынысын білдірді

Шешім:

  1. 1. 2025 жылы әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге орта есеппен 20074 теңге мөлшеріндегі қаржы бюжеттік жобаға ұсынылып отыр, осыған орай тәрбиеленушілердің ай сайынғы ата-аналар төлемақысын әлеуметтік осал отбасылардан шыққан тәрбиеленушілерге ұсынылған қаржы жобасымен теңестірілетіндігін мамандар түсіндіру жұмысчтарын жалғастырсын.
  2. Барлық ата-аналармен сауалнама жүргізілсін.

Балабақша меңгерушісі: Б.Раздыкова

Хатшы: Г.Ашықбаева.