Тақырыбы:«Қарттарым - асыл қазынам»
Мақсаты: балалардың бойына халқымыздың қадір қасиетін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу
Жүргізуші:-Саламатсыздар ма құрметті қонақтар мен біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз! Балалар,мен сендерге жұмбақ жасырамын,сендер оның жауабын тауып айтыңдаршы
Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкесінің
Білер оны сұраған
Ол кім ? (Ата)
Аймалайды «Күнім» деп
Мейірімді жүзі күлімдеп
«Тәтті –ақ» дейді немере
Бал шырындай үнің деп
Ол кім? (әже-Дұрыс.Бұлар- біздің сүйікті де қадірлі ата-әжелеріміз. Балалар ата-әже деген қандай болады?
Балалар жауабы:
Жүргізуші:
-Ал, сендер ата-әжелеріңді жақсы көресіңдер ме? Сыйлайсыңдар ма? Әжелерің қандай жақсы екен!
Осы атамыз бен әжемізді бір сөзбен қалай атаймыз?Қарттар дейміз.
-Дұрыс айтасыңдар ,балалар. — «Ақылды қария-ағып жатқан дария» деп тегін айтылмаған. Осы қарттарымыз бәйтерек болса, біз соның жапырағымыз. Адам өмірдегі ең игі істің бірі-қарт кісілерге қамқорлық, мейрімділік,түсіністік,сүйіспеншілік, жанашырлық, сыйластық таныта білуіміз керек.
Сондықтан,бүгінгі мереке сол қарттарымызға арналған. Мемлекетіміз 1990 жылы 14 желтоқсанда 1 - қазан қарттар күні деп есептеуге қаулы шығарды. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Біз бүгін «1-қазан қарттар күнін» тойлап ата-әжелерімізге арнап өз өнерімізді көрсетейік.
Жүргізуші: Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де.
Бүлдіршіндеріміздің орындауында
«Жақсы көрем» әнін қабыл алыңыздар.
-Балалар, ата-әжелеріміз туралы кім тақпақ біледі?
Балалардың тақпақтары.
Ал енді,қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.
Би: «Жапырақтар биі»
Жантөре баламыздың әжесіне арнаған әні бар екен,соны тыңдайық.
Ән: «Ақ әжем»
Жүргізуші: Баламның табанына кірген шөгір, менің маңдайыма кірсейші дейтін әжелер мен аталардан үлгі өнеге көріп келе жатқан кішкентай «ата-әжелерімізді» ортаға шақырайық.
Би: «Біз де жас болғанбыз»
Жүргізуші: балалар, менің қолымда хаттар бар. Соларды оқып көрелік. Ендеше бірінші хат:
1.Қариялар – ақылды дариялар. Сендер оларға құрмет көрсетесіңдер ме? Қарттарды қалай құрметтейсіз?
Балалар жауабы:
-Иә біз оларды сыйлаймыз, айтқандарын тыңдаймыз, жол береміз, құрмет тұтамыз. 2. Жолдың арғы жағына бір қария өте алмай тұрады. Қолында ауыр сөмкелері бар. Сен не істер едің?
Балалар жауабы: -Барып сөмкелерін алып көмектесемін.
- 3. Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Сен неғыласың?
Балалар жауабы:
-Амандасамын, хал-жағдайын сұраймын.
Жүргізуші: -Жарайсыңдар балалар,тамаша жауаптар.
Енді Даяна қызымыздың әнін тыңдайық.
Ән: «Менің әжем қайда?»
Көрініс: «Әке қадірі»
Жүргізуші:Қазақтар-«Төріңнен қарт кетпесін»деп тілеген халық.Жасы үлкенге құрмет ету , қарттың бүгілген беліне сүйе болу-біздің ата дәстүріміз . Өзіңді өмірге келтірген, тіршілігіңе нәр берген ата-ананың алдында парыз-міндеті өлшеусіз.Қарттарымызды ардақтап өтейік!
https://zhana-teris.kz/kz/erte-gilikter/87-erte-gilikter.html#sigFreeIde12ffba223