Тақырыбы: "Алтын күз" ертеңгілігі

Жүргізуші: Төңірек толы сары алтын,

Күз келді туған жеріме.

Шуағы нұрлы жайнаған,

Алтын күз әсем айналам.

Армысыздар құрметті қонақтар, ата-аналар және кішкентай ғана бүлдіршіндер. Бүгінгі күз мезгіліндегі ең тамаша «Алтын күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Ел байлығын арттырған, сары алтындай сары күз бізге дәмді жемістерін, қамбаға толы астығын сыйлады. Ендеше «Алтын күз» атты ертеңгілігімізді бастауға рұхсат етіңіздер.

Жүргізуші:  Мерекесі халықтың,

Алтын күзді бастайық.

Алтын күзге арналған,

Ертеңгілігімізді бастайық.

Мерекелік ертеңгілігіміздің шымылдырығын ашып беру үшін және  бүлдіршіндерге мерекелік лебізін білдіру үшін сөз кезегін балабақша меңгерушісі Б. Раздыкова  Тойжігітқызына береміз.

Осы кезде себетке толы жемістері бар, «Күз ханшайымы» билеп кіреді.)
Күз ханшайымы: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сәлеметсіздер ме, қонақтар
Балалар: Салеметсіз бе!
Күз ханшайымы:

Уа халайық, дархан далам армысың!
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын.
Мен күзгі ханшайыммын сендерді көргеніме қуаныштымын. Маған өнерлеріңді көрсетесіңдер ма?
Балалар: Ия

Жүргізуші: Хош келдің Күз ханшайымы! Төрлет. Біздің балалар әнде, тақпақта, биде билей алады. Біздің балалардың барлығы ақылды.
Күз ханшайымы: Ондай болса, балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын
Ағайынды бәрі,
Шықса – жасыл
Түссе – сары. Бұл не?
Балалар: Жапырақ.

Жүргізуші:

Қызыл жасыл,сары алтындай
Жапырақтар күздің көркі
Ән салайық ,би билейік
Күз әніне қосыла – деп сіздердің құрметтеріңізге

Хор: "Күз тамаша" Көгершін тобы балалары

Жүргізуші: Балдырғандар бүгінгі,

Еркелігін тастайды.

Күз туралы сіздерге,

Тақпақтарын бастайды,-дей келе

Балалардың "әдеби мантажына кезек берейік.

Жүргізуші: Ән салыңдар күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би - билейік ойнайық.

Би: «Бүлдіргенге барамыз» Кіші топ балапандары

Жүргізуші:

Жетті  желмен алтын күз

Жемісін жинау салтымыз

Жиып-теріп болған соң

Той жасайды салтымыз

Мол өнімді жинаймыз

Елдің бәрін сыйлаймыз,-дей келе

Ән: "Күз келгенде" Орындайтын:Әбдінұр

Жүргізуші: Бақ өсіріп көрік беріп,

Жайқалтамыз алқапты.

Алма, жүзім, өрік теріп,

Біздің бақтан тарапты,- дей отырып

Би: "Кемпірқосақ"бір топ қыздар

Жүргізуші:Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз балалар барлығымыз.

Ән шырқайық көтеріп көңілдерді,

«Күзгі вальс» әніне кезек беріп.

Ән: "Күзгі вальс" Орындайтын: Ботагөз, Кәусар

Жүргізуші: Алтын күз, жаңбырлы күз,

Жомарт күз,суығына шыдайтын,

Сұлулығына көз тоймайтын,

Алтын күздің тойында,-

Би: «Көңілді күн»

Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той

Қуаныш күн біліп қой.

Күзгі бақтай сыңғырлап,

Алақанды соғып қой.

Би: «Саңырауқұлақтар»

Жүргізуші: Шалқып тасып әніміз,

Жадырасын жанымыз.

Алтын күзбен қоштасып,

Би билейміз бәріміз.

Оркестр: «Күзгі оркестр»

Жүргізуші: Бүгінгі кеш өтіп жатыр өз мәнімен,

Әрбір бөбек әсем болар өз сәнімен.

Күз сәні өнерімен ортаға шығып,

Сән көрсетер,бүлдіршіндер сәнімен,-

деп келесі  кезекті «Сән үлгісімен» топ бүлдіршіндерді ортаға шақырамыз.

Күз ханшайымы: Балаларым балғыным,

Өздеріңді қимаймын,

Дәм татыңдар мінеки,

Күзгі жеміс-жидектен-деп сендермен қоштасамын. Өте өнерлі,білімді,талантты балалар екенсіңдер.

Алтын күз балаларға себет толы жемістерін балаларға таратып берді.

Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата-аналар!Бүгінгі біздің «Алтын күз»

Атты ертеңгілімізді аяқтай отырып,келер күзіміз де берекелі,молшылық,

астықты болсын деп тілейміз.Бүгінгі мерекені қорытындылай отырып,

«Күз мереке молшылық» атты көрмесімен қолөнер дайындап әкелген

ата-аналарымызға марапаттау үшін сөз кезегін балабақшамыздың басшысына

береміз. Марапаттау рәсімі.

Жүргізуші: Берекелі бақ дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болыңдар қонақтар!

Келгенше күз айналып,

Қош сау болыңыздар!