Тақырыбы: Менің Республикам!
Мақсаты: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші:
Сәлеметсіздерме,балалар!Қалдарың қалай? Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Олай болса,балалар шаттық шеңберге жиналып амандасып алайықшы.
Шаттық шеңбері:
Қуан,шаттан,алақай,
Қуанатын күн келді.
Күліп шықты,күн бүгін,
Қайырлы достарым.
Қайырлы таң әпкейге,-дей келе балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:Менің Республикам! деп аталады.Балалар қазір жылдың қай мезігілі?Өткен апта біз қандай мерекені тойладық?
Көк туым көтерілді бағым жанып,
Елтаңбам күллі әлемге танылдыанық.
Шырқадым әнұранды бар дауыспен,
Арманым – Ата заңым қабылданды.
Еліміздің Мемлекеттік Гимн орындалсын.
Кәне балалар Отан деген не?
Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен.
Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің отанымыз Қазақстан.
Біз қай Республикада тұрамыз?
Біздің ұлтымыз қандай?
Тіліміз қандай?
Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
- Біздің бас қаламыз Астана
Біздің Президентіміз кім?
Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
Ту, Әнұран, Елтаңба.
Тәрбиеші:
Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің Қазақстан.
Мәңгі соғып тұратын.
Жүрегімсің Қазақстан-дей келе балаларымыздың әдеби монтажына кезек береміз.
Тәрбиеші:
Қазақпын, мен қазақтың бөлшегімін,
Қажетіне өзгенің өлшемінің.
Айбарлы елдің ұлымын, айтаңбалы.
Кейіпкері емеспін ертегінің.дей келе Ерасыл баламыздың әніне кезек береміз.
Ән: Қазақстан бақытты!
Тәрбиеші:
Мен кішкентай бишімін
Таңғы мөлдір тамшымын
Гүл еркінен жаралған
Әндерім бар бал шырын.
Би: Батырлар биі
Балалар "Көлеңкесіне қарай орналастыр." ойын ойнағым келіп тұр.
Тәрбиеші:
Өзіңдікі туыңда,
От пен ауа, суың да.
Жаса Қазақстаным,
Белді бекем буында.
Флешмоб: "Қазақ елім!"
Тәрбиеші:
Арыстандай айбаттым.
Жолбарыстай қайраттым,
Аспандаған байрақтың
Қанша жұлдыз жайнаттың.
Қанша бұлбұл сайраттың ,
Қазақстан ардақтым.дей отырып
Хор: Бау бақша белдер!
Қорытынды:
Байтақ дала жерім менің
Арта берсін даңқың сенің
Көк байрағың желбіресін
Егеменді елім менің – дей отырып,
Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Менің Республикам!» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.
"Жаңа-Теріс"бөбекжай-балабақшасы бойынша
Анықтама
Тақырыбы: Менің Республикам!
Тәрбиеші: Г.Ашыкбаева.
Тобы: Ересек "Көгершін"тобы
Мақсаты: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру.Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.
Өтілу барысы: Балаларды әнұран айтумен басталып,сұрақ-жауаптар алынып,хор,әдеби монтаждарын айтып,өлеңдерімен жалғастырды.
Ән:Қазақстан бақытты!
Би: Батырлар биі
Флешмоб:"Қазақ елім!"
Балалар жақсы көңіл-күймен флешмоб биін билеп шықты.
Хор:"Бау бақша белдер!" атты хорымен аяқтады.
https://zhana-teris.kz/kz/erte-gilikter/93-meni-respublikam.html#sigFreeId98bcf9b10c